Accessibility links

Астанада «Қуаттың» 500 жұмысшысы жұмыссыз қалды


«Гранд Астана» тұрғын үй кешенінің құрылысымен айналысып жатқан «Қуат» корпорациясының 500 жұмысшы жұмыссыз қалды. Себеп — құрылыс материалдарын сатып алатын қаржының жоқтығы. Фирма басшылығы жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге де қабілетсіз болып отыр.
«Супер Аккорд Астана» ЖШС директорының орынбасары Ғұмар Хасанов: «қарыздар екенімізді білеміз, ол одан әрі көбеймеу үшін, құрылыс нысанын тоқтатуға мәжбүрміз»,— деді.
Құрылысшылардың төленбеген еңбекақылары 150 млн теңгеден астам, құрылыстың ендігі тағдыры инвестиция бөлуші банктің қолында. Оның үстіне алдағы көктемде дайын болуға тиіс бұл нысанды күтіп жүрген үлескерлер де жеткілікті.

XS
SM
MD
LG