Accessibility links

Кәсіпкердің отбасын өлтірген күдікті ұсталды


Астананың «Шұбар» ықшамауданында белгісіз біреудің жергілікті кәсіпкердің әйелі мен 3 баласын өлтіріп кеткенін бұған дейін хабарлағанбыз. Аталған аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікті О. Евлоев Ингушетияда ұсталды, қазір ол Грозный қаласының уақытша тергеу абақтысында отыр. ҚР мемлекеттік органдары ресейлік әріптестерімен келіссөздер жүргізуде. Ресей Федерациясының заңы бойынша күдіктінің азаматтығын анықтауға 10 күн беріледі. Тағы 10 күн тиісті шаралар өткізуге қарастырылған.

Бұл туралы хабарлаған ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов: «Экстрадициялау шешімін Мәскеу беретіндіктен, қазіргі уақытта Грозный мен Мәскеудің арасында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнде Қазақстан мен Ресей арасында бұл іс бойынша ешқандай кедергі жоқ. Сұрау салынған құжаттар уақытылы, әрі қиындықсыз берілді. Сондықтан екі-үш аптаның ішінде күдікті елге жіберіледі», — деді.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG