Accessibility links

«Нұрбанк» пен КТК-ның бірлескен қайырымдылық жобасы


«Нұрбанк» пен коммерциялық телеарнаның бірігіп жасаған әлеуметтік жобасы жетім балаларды асырап алуға үндейді, — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. «Дорога домой» деп аталатын жобаның алғашқы тұсаукесер бағдарламасы 9-қараша, жексенбі күні сағат 16.35-те көрсетілмек.

«Аптасына бір рет көрсетілетін бағдарламаның негізгі кейіпкерлері — жетімдер үйінің тұрғындары. Басты мақсат — жетім балаларға отбасын тауып беру, яғни, тастанды баларды асырап алуға қоғам мүшелерін үндеу. Қазақстандағы бала асырап алу туралы заңның жетілдірілмегендігі де әңгіменің арқауы болмақ», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Жоба авторы Марианна Гуринаның айтуынша, Қазақстанда қазіргі таңда 50 мың жетім бала бар екен. Сондай-ақ әрбір 15-ші отбасы баласыздардың қатарында. Сонда әрбір 20 адамға бір ғана тастанды баладан келеді екен. Аталмыш жоба тұрақты түрде жүзеге асырылмақ.


XS
SM
MD
LG