Accessibility links

Апат салдарынан Алматының 114 үйі газсыз қалды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының Әуезов ауданы Асқаров көшесіндегі «Алматы» шипажайының маңында «Ново» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі диаметрі 159 миллиметрлік орта қысымды газ құбырын соғып кеткен. Соның кесірінен тарату бөлімі үзіліп, жер үйлер секторындағы 114 абонент газсыз қалды.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Алматы газ желісі» ЖШС-нің 10 адамы мен 4 техникасынан құралған апаттық топ тартылды.


XS
SM
MD
LG