Accessibility links

Алматы мен Астана ынтымақтастық туралы келісім жасасты


Алматы қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ахметжан Есімов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов екі қаланың арасындағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық даму, құрылыс пен архитектура, іскерлік байланыстар саласы, транспорт-коммуникация жүйелерінің құрылымы мәселелері жөніндегі ынтымақтастық мақсатындағы келісімді бекітті.
«Келісім аясында семинарлар мен көрмелер өткізу, кадрлар біліктілігін арттыруға көмек көрсету және басқа да мәселелер қарастырылған. Қол қойылған келісімді жүзеге асыру үшін Алматы мен Астанадан мемлекеттік органдарға қарасты өкілдіктер ашу мәселесі шешілді», — делінген аталған баспасөз ақпаратында.

XS
SM
MD
LG