Accessibility links

Әлем жетекшілері Обаманы құттықтауда


Шетел үкіметтерінің басшылары Барак Обаманың АҚШ президенті болып сайланғанын қуанышпен қарсы алды. Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Обаманың сайланғанына қол шапалақтап, Еуропа мен АҚШ арасында жаңарған міндеттемелерге шақырды. Еуропа Одағының қазіргі төрағалығындағы Франция президенті Николя Саркози Обаманың президент болып сайланғандығы Франция мен Еуропада және тағы басқа елдерде үлкен үміт туғызды деп мәлімдеді. Қытай президенті Ху Цзиньтао екіжақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтеріледі деп үміттенетінін айтты. Ауған президенті Хамид Карзай “жаңадан сайланған президент Ауғанстанға бейбітшілік пен өркендеу алып келеді” деген үміт білдірді. Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас Обаманың жеңіске жеткенін мадақтап, оны Израиль-Палестина бейбітшілік келісіміне қол жеткізу әрекеттерін тездетуге шақырды. Израиль Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Израиль Америкамен арадағы достықтың жарқын болашағы болады деп сенеді. Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари АҚШ-тың Ираққа қатысты сыртқы саясаты бірден өзгере қояды деп күтпейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG