Accessibility links

Алматылық студенттер 56 қылмыс жасапты


Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының студенттері жыл басынан бері 50 шақты қылмыстық іс жасады, — деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Жыл басынан бері студенттер жасаған 56 қылмыстың 3-і адам өлтіру, 3-і зорлау, 9 — қарақшылық шабуыл, 20 — тонау, 9 — ұрлық, 4 — алаяқтық, 5 — бұзақылық болып отыр. Үш студент есірткі заттарын заңсыз пайдаланғаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құқық бұзған студенттер саны — 320», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар полицейлер «өте ауыр қылмыстардың иелері Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Көлік және коммуникация академиясының студенттері болып отыр» , — дейді.
ІІД-нің мәліметінше, Алматы қаласының әкімшілігі құқық қорғау бағытында студенттік ұйымдар құру үшін 2 млн теңге бөліпті. Қазіргі уақытта мұндай ұйымдар қаладағы 13 оқу орнында құрылған.

XS
SM
MD
LG