Accessibility links

Душанбеде үкіметаралық комиссияның отырысы өтті


Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының VI отырысы болды. Мәжіліске Қазақстан жағынан Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, Тәжікстан жағынан Инвестиция және мемлекеттік мүліктік басқарма комитетінің басшысы Фарух Хамралиев төрағалық етті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша келісімге қол қойылып, екі елдің 2009 - 2011 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру жоспары жасалды.
Сондай-ақ комиссия жұмысы барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастар, инвестиция, орта және шағын бизнес, экология, мәдениет салаларының мәселелері қамтылды.

XS
SM
MD
LG