Accessibility links

Құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа қажет


Қазақстанның құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа жүргізу қажет, — деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында.

«Қазақстанның құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа жүргізу қажет деген сенімдемін. Оны мейлінше тиімді, ашық әрі таза халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін етіп өзгерту керек. Құқық қорғау жүйесінде проблемалар қордаланып қалған. Олардың жұмысында кемшіліктер көп. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзі жемқорлық қылмыстарға барады. Прокуратура, ІІМ мен басқа да құқық қорғау органдарының жетекшілерімен қатаң әңгіме күні кеше ғана болды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін бір органда шоғырландыру қажет», — деді Н. Назарбаев.

XS
SM
MD
LG