Accessibility links

Үкімет басшысы үлескерлік құрылысты реттеу жөнінде кеңес өткізді


Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов үлескерлік құрылысты реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңеске мемлекеттік органдардың, қаржы және құрылыс қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ парламент мәжілісінің депутаттары қатысып, «Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі туралы» заң жобасын қарады.

Кәрім Мәсімов кеңеске қатысушылар тарапынан әзірленген заң жобасының бірқатар ережелері жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады.

XS
SM
MD
LG