Accessibility links

Ақтөбеде 14 жасар жеткіншек құрдасын атып өлтірді


Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылының тұрғыны 14 жасар жеткіншек өз құрдасын аң ататын мылтықпен атып өлтіріп қойды, — деп хабарлады облыстық ІІД.

Оқиға орнында болған Темір аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу тобы анықтағандай, қылмысқа пайдаланылған «ИЖ» 16 калибрлі аңшы мылтығы күдіктінің туысының атына тіркелген екен.

Жетінші сыныпта оқитын күдікті жеткіншек мылтықтың байқаусызда атылып кеткенін айтады. Қазір ол ешқайда шығарылмай ұсталып отыр, қылмыстық іс жүргізілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG