Accessibility links

АҚШ Ресеймен зымырандық қондырғы мәселесін талқыламақшы


Құрама Штаттар ядролық қаруды азайту жөніндегі ұсыныстарын Ресеймен таяу арада талқылайтынына үміт артады. Сондай-ақ Вашингтон зымыраннан қорғаныс жүйесін Еуропаға орнату жоспарына байланысты Ресей қаупін сейілтуді де ойластыруда. Бұл жаңа ұсыныс бойынша Ресей ресмилерінің аталған қондырғыларды тікелей көрулеріне жағдай жасалмақшы. Бұл ұсыныстар Мәскеуге Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Калининградта қысқа қашықтыққа арналған зымырандар орнату мәлімдемесінен бұрын жіберілген екен.
XS
SM
MD
LG