Accessibility links

20 қаңтарда Барак Обама Құрама Штаттардың президенті ретінде ант қабылдайды. Обаманың алдында елдің ішіндегі және сыртқы саясаттағы күрделенген өте үлкен мәселелер тұр. Оның қатарында экономикалық дағдарыс, Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстар бар.

Көптеген сарапшылар Обама елдегі дағдарысты реттеу үшін тезірек әрекет ету керек деп отыр. Кейбір бақылаушылар тіпті Обама қазір Қаржы мәселесі бойынша хатшысын анықтап, онымен шұғыл жұмыс жүргізуі қажет дейді.

Ал бұл арада американдық екі ардагер саясаткер қатты асықпау керек дегенді алға тартады.

Оның бірі 20 ғасырдағы Американың тарихшы маманы, Вашингтондағы Джордж Вашингтон университеттінің профессоры Лео Рибуффо ең бірінші Обамаға асықпай дұрыс адам таңдауға уақыт бөлгені абзал деп отыр.

Және бұл бақылаушы Обаманың бағдарламасындағыдай елдегі жолдар мен көпірлерді жөндейтін жұмыс орнын ашу бастамасымен президенттігін бастамауы керек деген кеңес береді:

“Бұл дағдарыс бәлкім бұрынғы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі құлдыраудан қиын көрінгенімен, біз бірақ әлі білмейміз бұл қаншалықты жаман болатынын. Экономика алдағы екі жылда қайта көтерілуі мүмкін ғой. Сондықтан бұл жерде ірі жобаларды бастауға Конгресте үлкен қарсылықтар болуы мүмкін, солай болуы да дұрыс шығар. Мұндағы айтайын дегенім - инфрақұрылымдарды салуға шығындану ұтымды бастама бола қоймас”.

Тағы бір бақылаушы Вашингтондағы саяси зерттеу орталығының директоры Патрик Башам Лео Рибуффоның ол айтқандарын қолдайды. Башам Азаттыққа айтқанында, Құрама Штаттарда өтпелі процестер ұзақ болды. Дәл қазір экономикалық қиындықтарға байланысты шұғыл әрекет бастаудың қажеті жоқ, одан аспан жерге құламайды дегенді айтты:

“Менің пікірімше, Обаманы тезірек президент болуға дайындап, онда оның көзқарасын орнықтыруға асықтырулар болуда, ол бір мүмкіндік және ол болады. Жүйені кесіп- пішіп, бұзып-жарып қайтадан біріктіру қорқудан немесе қатты алаңдаудан болады. Менің ойымша шамадан тыс реакцияға берілу өкінішке әкелуі ықтимал. Өйткені одан кейін ол әрбір өтпелі кезеңнің үлгісіне әкеледі”-дейді бақылаушы Башам.

Оның айтуынша, Барак Обамаға кез келген сәтте өзінің уақытын босқа кетіріп жатпағанын көрсететін ұстамды бағдарлама қажет. Осыған дейін ол сайланған президент федералды шығындарды бақылап отыруы керек деген еді. Сондықтан ол қаржы жобаларын қарастырып отырса, ол өзіне де, оның Демократия партиясындағы мүшелеріне де ол маңызды болады.

Сонымен қатар Барак Обама өзі билікке келген соң Ирақтағы күштерді 16 айда шығара бастайтынын айтқан. Бірақ оның қаншасын, қай уақыт ішінде шығаратыны әзірге белгісіз. Бақылаушы Рибуффо бұл тұрғыда Обаманың аздаған жетістігі ғана болуы мүмкін дейді.

Патрик Башам болса, Ирақтан американдық әскерилерді қайтару АҚШ-тың шығындарын айтарлықтай азайтып қана қоймай, Американың әлемдегі беделін қайта қалпына келтіруге көмектеседі дейді. Бірақ ол қаражаттарды Ауғанстанға аудару соғысты бұрынғыдан да қымбатқа түсіреді деген алаңдаушылығын білдірді. Сондықтан, оған НАТО-ның көбірек үлес қосқаны қажет болады деген Башам Обаманы Буштан гөрі НАТО елдерінде жақсы тыңдайды деп отыр.

Одан кейін Обаманың алдында Ресей мәселесі тұр. Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас 8 жыл бұрын Буш президент болып келгеннен бұзыла бастады. Сарапшылар енді Обама сол бұзылған қарым-қатынастарды жақсарта алады деп сенеді.

Жұма күні Барак Обама сондай-ақ АҚШ-тың жаңа сайланған президенті ретінде алғашқы баспасөз мәслихатын өткізеді. Обама мен оның вице президенті Джо Байден осы күні Вашингтонда саясаткер, іскер топ және экономикалық кеңесшілермен кездеседі.

Барак Обама Құрама Штаттардың 44-ші президенті ретінде 20-шы қаңтарда президенттік таққа отырады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG