Accessibility links

Қазақстан: жол полициясы жемқорлықпен күресуде


Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов автожолдардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша желтоқсан айында бейне-селекторлық мәжіліс өткізуді тапсырды. Ол туралы сенбі күні Ішкі істер министрлігінде жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов хабарлады.
Түсімовтің айтуынша, үкімет төрағасы жол полициясындағы жемқорлықтың толық жойылмауына байланысты оның қатарын жемқор полицейлерден тазарту жұмысын жалғастыруды жүктеді.
Жол полициясында қызметкерлерді аттестациядан өткізу басталып, қазірдің өзінде 2 департаменттің басшысы мен 6 орынбасары қызметтерінен босатылған.
Қазақстанның жол полициясы елдегі ең жемқор мекеменің бірі саналады.
XS
SM
MD
LG