Accessibility links

Барак Обама дағдарыспен күресуге кірісті


АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама қаржы дағдарысымен күресудің шұғыл шараларын қабылдау қажеттігін мәлімдеді.
Сайлаудан кейін Чикаго қаласында өткізген тұңғыш баспасөз-маслихатында Барак Обама өз міндетіне кірісетін 20 қаңтарға дейін экономикалық ынталандырудың екінші жоспарын қабылдауға шақырды. Осыған дейін АҚШ Конгресі банктерді қаржылай қолдауға 700 млрд. доллар бөлу туралы бірінші жоспарды мақұлдаған болатын.
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті қазіргі дағдарысты “ғаламдық дағдарыс” деп сипаттап, оған ғаламдық жауап болу керектігін атап көрсетті.
Обама баспасөз-маслихатына өзінің экономикалық кеңесшілерімен өткізген мәжілістен кейін шықты.
Барак Обама билікті өз қолына беру мәселесін президент Джордж Бушпен 10 қараша күні ақылдасатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG