Accessibility links

Барак Обама поляк президентімен әңгімелесті


АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама поляк президенті Лех Качиньскиге Польшаға Американың зымырандық соққыдан қорғану жүйесін салу жоспарынан бас тартпайтынын және Варшаваға мейлінше ерте баруға тырысатынын мәлімдеді.
Поляк президентінің әкімшілігі хабарлағандай, Качиньскимен арадағы әңгімесінде Барак Обама АҚШ пен Польша арасындағы стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызын атап көрсетіп, екі елдің саяси және әскери салалардағы ынтымақтастығының дами беретініне сендірген.
Осы кезде поляк парламенті – Сеймде АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің элементтерін поляк жеріне орналастыру мәселесі тыңдалды. Осы жүйенінің бір бөлігін Польшаға орналастыру туралы Варшава мен Вашингтонның арасындағы келісімге 14 тамызда қол қойылды.
Ресми Мәскеу оған түбегейлі қарсы.
XS
SM
MD
LG