Accessibility links

Ауғанстанда бейбіт халықтың қырылуы әлі жалғасуда


Ауғанстанда өткен аптада коалициялық күштердің әуе соққысынан 37 бейбіт тұрғын құрбан болды. Ауған үкіметінің АҚШ әскерилерімен бірге жүргізген тергеуі осындай қорытындыға келді. Олардың мәліметі бойынша, тағы 35 тұрғын жараланды.
Әскерилердің атап көрсетуінше, тәліптердің шабуылын тойтару үшін әуеден соққы берілген. Ал тәліптер бейбіт халықты үйлерінен шығармай, олардың жерүйлерін паналап шабуылдаған.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай коалициялық күштердің әуе соққыларынан бейбіт халықтың қырылуы ресми Вашингтонмен арадағы қарым-қатынасқа үлкен кесірін тигізіп отыр деп мәлімдеп, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обаманы мұндай соққыларды тиюға шақырды.
XS
SM
MD
LG