Accessibility links

Кремль Ақ үйдің ұсынысын жеткіліксіз деп санайды


Кремль зымырандық шабуылдан қорғану жүйесі бойынша АҚШ-тың ұсынысын жеткіліксіз деп есептейді. Мысырдың Шарм-аш-Шайх курортында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуінен кейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деп мәлімдеді.
Аптаның басында ресми Вашингтон зымырандық соққыдан қорғану саласындағы өзара сенім шаралары, оның ішінде АҚШ-тың Польша мен Чехияға орналастыратын радар жүйесінің нысандарына Ресей әскерилерінің баруға болатыны туралы ұсынысын Ресейге жолдаған болатын..
Ресейдің сыртқы саясат мекемесі мәлімдегендей, егер АҚШ радар жүйесін Шығыс Еуропаға орналастыру жоспарынан бас тартса, онда Ресей “Искандер” соғыс зымырандарын Калининград облысына орналастырмайды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG