Accessibility links

Иран үкіметі реформашыл журналды жапты


Ираннан жеткен хабарға қарағанда, консерватор президент Махмуд Ахмадинеджадтың саясатын жиі ащы сынап келген көрнекті реформашыл апталық журнал жабылды.
“Каргозаран” газетінің хабарлауынша, Иранның баспасөзді бақылайтын кеңесі сенбі күні “Шаһрванд-е Эмроуз” журналына оны жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған хат жолдады. Хатта журнал редакциясының “алдыңғы міндеттемелеріне қайшы келетін материалдарды” жариялағаны үшін жабылғаны айтылады.
“Каргозаран” газеті одан басқа еш мәлімет бермейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG