Accessibility links

Ресейдің сүңгуір қайығындағы апаттан 20 кісі мерт болды


Ресей прокуратурасының құрамындағы Тергеу комитеті “Нерпа” сүңгуір қайығындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады. Оның салдарынан 20 адам, оның ішінде 3 әскери мен 17 бейбіт маман қаза тапты, 21 кісі жараланды.
Ресейдің Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының көмекшісі Игорь Дыгало хабарлағандай, жарақат алғандардың өмірлеріне төнген қатер жоқ, барлығы да Владивосток қаласындағы госпитальге жатқызылды. Сүңгуір қайыр Жапон теңізіндегі сынақ кезінде апатқа ұшырады. Суасты қайығының 2 бөлігінде өрт сөндіру жүйесі іске қосылып, фреон шашылды.
Қайықта бас-аяғы 208 адам, оның ішінде 81 әскери қызметкер болды. Ресей президенті Дмитрий Медведев қорғаныс министріне қайықтағы ахуал туралы өзіне үнемі хабарлап тұруды тапсырды.
Сүңгуір кеме Приморье мекеніндегі уақытша соғыс базасына өзі жүзіп жетті.
XS
SM
MD
LG