Accessibility links

Қызылордалық полицейлер жұмбақ өлімнің сырын зерттеуде


Қызылордадағы Қызылжарма ауылдық округінен 250 метр қашықтықта жоғары вольтті электр бағанына асулы әйел адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі. Қайтыс болған әйел адамның үстінде полиция аға лейтенантының киімі болған.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенованың мәліметінше, қайтыс болған Қызылжарма ауылының 23 жастағы жұмыссыз тұрғыны екен. Мәйіттен зорлық-зомбылықтың ізі байқалған жоқ. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойыша, өлімнің себебі — механикалық асфиксия. Тергеушілер өлімнің себебі мен полиция киімінің өлімге қатыстылығын зерттеуде

Қайтыс болған азаматша ешқашан ішкі істер органдарында қызмет істемеген , — деп мәлімдеді ІІД.


AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG