Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жол апаты үш адамның өліміне себеп болды


Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол апатынан үш адам қаза тапты,— деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ОҚО Ордабасы ауданында 9 қарашада сағат 03.40-та Шымкент - Бадам - Арыс тас жолының 4- шақырымында «Фольксваген» мен «Опель» көліктері соқтығысып, «Опельдің» 29 жастағы жүргізушісі, оның 28 жастағы жолаушысы, сондай-ақ, «Фольксвагеннің» жолаушысы 49 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. «Фольксваген» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен оның 42 жастағы әйел жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

XS
SM
MD
LG