Accessibility links

Оңтүстік Осетия күштері Грузия ауылына кірді


Оңтүстік Осетия қауіпсіздік күштері бұл жікшіл аймақтың шекарасынан тыс жерде орналасқан Грузияның Переви ауылына кірген. Бұл жөнінде Грузия ресмилері Reuters ақпарат агенттігіне хабарлады. Тамыз айындағы соғыстан кейін бұл ауыл Ресей күштерінің бақылауында қалып отыр. Қазан айында Мәскеу өз күштерін Оңтүстік Осетияның айналасындағы буферлік аймақтан шығарған болатын бірақ Перевиде бір тексеру бекетін қалдырған еді. Буферлік аймақтағы Еуропа Одағының бақылаушылары Ресей күштерінің орнына Оңтүстік Осетия сарбаздарының орналастырылуына орай алаңдаушылық білдіріп, барлық жақтарды “арандатушылық әрекеттерінің алдын алуға” шақырды.
XS
SM
MD
LG