Accessibility links

ЕуроОдақ Ресеймен келіссөзді бастауы мүмкін


Британия мен Швеция үкіметтері Еуропа Одағы мен Ресей арасындағы әріптестік келісіміне қатысты келіссөздер қайта басталуы тиіс деп мәлімдеді. Мәскеудің Грузияға басып кіруіне байланысты бұл келіссөздер қыркүйек айында тоқтатылған болатын. Британия мен Швеция үкіметтерінің бірлескен мәлімдемесінде “біз Ресеймен жұмыс істеуіміз керек және біз солай жасағымыз келеді” делінген. Алайда ЕуроОдаққа мүше Польша мен Литва елдері Ресеймен арадағы келіссөздердің ертерек басталуына қарсы. Олардың айтуынша, Ресей ЕуроОдақтың арағайындығымен жасалған Грузиямен арадағы атысты тоқтату жөніндегі келісімді толық орындамаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG