Accessibility links

"Газ үштігі" келіссөздері сәрсенбіде өтпек


Қарашаның 12-і күні Ресей мен Иран және Қатар елдері “газ үштігін” құру жөніндегі келіссөздердің екінші айналымын өткізеді. Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дохадағы жиналысқа осы үш елдің жоғары дәрежелі делегациялары қатыспақ. Әлемдегі ең ірі табиғи газ шығарушы елдер болып табылатын бұл 3 мемлекеттің ресмилері алғашқы рет қазан айында кездескен болатын.
XS
SM
MD
LG