Accessibility links

ОҚО-да Ішкі істер департаментінің бастығы отставкаға кетті


Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Хибратулла Досқалиев отставкаға кетті, — деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз ақпаратынша, өткен аптадағы бейсенбіде өз еркімен отставкаға кететінін айтып рапорт берген генерал-майор Досқалиевтің отставкаға кету себептеріне түсініктеме берілген жоқ.

53 жастағы Хибратулла Досқалиев бұл қызметке 2006 жылдың мамыр айында тағайындалған болатын, қазір оның міндетін ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Арман Оразалиев атқаруда.


AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG