Accessibility links

Қазақ диссиденттерінің бірі көз жұмды


Совет дәуіріндегі санаулы қазақ диссиденттерінің бірі болған Махмет Құлмағамбет қарашаның 8-інде Мюнхен қаласында қаза болды. Бұл жөнінде Азаттық радиосына бүгін белгілі болды.
Махмет Ибатуллаұлы Құлмағамбет Қостанай өңірінде 1930 жылдың 20-шілдесінде дүниеге келген еді. Советтік идеологияға қарсы шыққаны үшін 1962 мен 1972 жылдар аралығында Сібірде айдауда болды. Содан кейін Австрияға кетуге мәжбүр болған еді. Азаттық радиосында 1980 жылдан қызмет істеген диссидент 1995 жылы зейнет демалысына шыққан еді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ол советтік айыптаулардан ақталған болатын.
Марқұмның жаназасы жұма, қарашаның 14-інде шығарылады.
XS
SM
MD
LG