Accessibility links

Алматыда телефон террорисі табылды


Алматының әуежайында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар берген телефон террорисі табылды, ол №1 тергеу абақтысында отырған 18 жастағы азамат болып шықты, — деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінен.

ІІМ-нің хабарлауынша, «Алматы қалалық халықаралық әуежайы» АҚ аумағында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпарат ІІД-нің орталық жедел басқару басқармасының пультіне 2008 жылдың 22-мамырында келіп түскен болатын. Қоңырау шалған бұрын да осы тектес қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған тергеудегі 18 жастағы жігіт болып шықты.

XS
SM
MD
LG