Accessibility links

Мәжіліс «Бәсекелестік туралы» заң жобасын мақұлдады


Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпаның 6-сындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген «Бәсекелестік туралы» заң жобасы қабылданды.

Заң жобасының мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы үшін тартымды және ашық жағдайлар жасау болып табылады. Заң жобасы «Жосықсыз бәсеке туралы» заң мен «Бәсеке мен монополистік қызметті шектеу туралы» заңның ережелерін біріктірді. Заң жобасы 5 бөлімнен, 14 тараудан және 80 баптан тұрады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG