Accessibility links

АҚШ Украина мен Балтық аймағы елдерін қолдайды


АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс, қараша, 2008 жыл.

АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс, қараша, 2008 жыл.

Эстонияда сапармен жүрген АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс НАТО - Украина кездесуінде осы мәселеге баса назар аудармақшы. НАТО қорғаныс министрлерінің басқосуына қатысатын Гейтстің мұндай мәлімдемесі тамыздағы Ресей - Грузия қақтығысынан кейін дәл осындай сценарий тағы қайталануы мүмкін деген алаңдаушылықтан туып отыр.

АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтстің Эстониядағы кездесуге қатысуы басында жоспарланбаған еді. Бірақ Ресей мен Грузияның қақтығысы оның жоспарын өзгертіп, Таллинге сапарының маңызын арттырды.

Пентагон өкілі Моррел журналистерге қорғаныс министрі Гейтс бұл сапарында Балтық елдері мен Украинаға үлкен қолдау білдіріп, сондай-ақ шығыс Еуропадағы НАТО одақтастарына Құрама Штаттар тірек бола алатынын айтады деген.

Сәрсенбі күні НАТО кездесуі алдында Роберт Гейтс Балтық елдерінің қорғаныс министрлерімен кездесті.

Демек Латвия, Литва және Эстония елдері Тбилисиге қарсы болған Ресейдің әскери қаупі өздеріне де төніп тұрғанын айтқан.


Азаттықтың Брюсселдегі тілшісі Ахто Лобьякас Балтық елдерінің үрейі туралы былай дейді:

“Балтық елдеріндегі үш мемлекеттің қауіпсіздік жағдайына алаңдауы - Ресей мен Грузия арасындағы қақтығыстан кейін болып отыр. Оның ішінде Балтық елдері өздеріндегі жағдайды Грузиядағымен бірдей деп біледі. Эстония мен Латвияда орыстар көп тұрады, оның көбісі Ресей азаматы болып табылады. Осыдан барып бұл елдер Ресей-Грузия қақтығысынан қорқып, Мәскеу аймақтағы мүддесі мен ықпалын арттыра бастауы мүмкін деп алаңдайды”.

Ресейдің Грузияға өз азаматтарымызды қорғау үшін кірдік дегенінен кейін халықаралық бақылаушылар Мәскеудің Грузия сценариі Қазақстанда да болуы мүмкін деп жарыса жазған-ды. Оған түрткі болуы мүмкін факторлар ретінде Қазақстанда орыс ұлты мен орыс- тілділер көп тұратыдығы, Ресейдің Қазақстандағы мүдделері айтылған.

Ал Мәскеу Грузияның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияны қолдауын ақтау үшін бұл жердегі өз азаматтарын пайдаланды. Ресейдің Грузиямен қақтығыстан соң бұл екі аймақтың тәуелсіздігін мойындағаны белгілі.

Сонымен қатар Ресей өткен аптада АҚШ-тың Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына қарсы Польшаға жақын жерде қысқа қашықтықтағы зымырандар орнататынын айтқан соң жағдай шиеленісіп кетті.

Азаттықтың тілшісі Лобьякастың айтуынша, бұрынғы Совет елдері Украина мен Грузия сияқты Балтық елдері де өз аймағында НАТО-ның көбірек жаттығулар өткізіп, базаларын ашқанын қалайды.

Эстония астанасындағы НАТО қорғаныс министрлерінің жиынында Роберт Гейтс өз одақтастарын Ресейден қорғап мәлімдеме жасамақ.

Американдық басылымдарда жаңа сайланған АҚШ президенті Барак Обама елдің қорғаныс министрі қызметіне Роберт Гейтстің кандидатурасын қарастырып жатқанын жазған, бірақ ол туралы әлі нақтыланған мәлімет айтылмады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG