Accessibility links

Жамбыл облысында көлік апатынан үш адам қаза тапты


Жамбыл облысында жол көлік апатынан үш адам мерт болып, алты адам зардап шекті, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметінше, Жамбыл облысының Жамбыл ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 540-шақырымында «Хонда» және «Фольксваген» көліктері соқтығысып қалған.
Соқтығысудың кесірінен «Фольксвагеннің» 39 жастағы жүргізушісі және оның жолаушылары 62 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, ал «Фольксвагеннің» 28 жастағы жолаушысы, «Хонданың» 20 жастағы жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

XS
SM
MD
LG