Accessibility links

Қарағандылық кәсіпкер екі жылға сотталды


Қарағандылық кәсіпкер Қанат Қамзаев 2004 жылдан бері кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын сансыз фирмалар құрып, бірақ үкіметке салық төлемей, бухгалтерлік құжаттарға ақша айналымын төмендетіп көрсеткен. Оның бір ғана фирмасының 2004 жылдың 15-қаңтары мен 2007 жылдың қазан айлары аралығында 16 848 074 теңгенің салығын төлемегені анықталды, деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметіне сәйкес, Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық сотының шешімімен кәсіпкер Қанат Қамзаев салық төлеуден жалтарғаны, заңнамада қарастырылған мәліметтерді құжатқа түсіруден жалтарғаны, сондай-ақ бухгалтерлік құжаттарға қасақана жалған ақпараттарды көрсеткені үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды.

Соттың үкімімен Қ.Қамзаев екі жылға бас бостандығынан айрылып, 233 мың 600 теңге айыппұл төлеп, мүлкі тәркіленді. Одан мемлекеттік кіріске 413 775 917 теңге көлеміндегі материалдық шығын өндіріп алынды. Сотта кәсіпкер өзінің айыбын мойындады.

XS
SM
MD
LG