Accessibility links

Пәкістанда Иран дипломаты ұрланды


Пәкістан полициясының хабарлауынша, бүгін Пешаварда қарулы адамдар Иран дипломатын ұрлап, оның күзетшісін өлтірген. Полиция қызметкері Нур Зардың айтуынша, Ауғанстанмен арадағы шекараға жақын жерде орналасқан бұл қалада Иран консулдығының экономикалық мәселелері бойынша өкілі ұрланып, оның күзетшісі оққа ұшқан. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады. Ал сәрсенбі күні Пешаварда АҚШ көмек жұмысшысы атып өлтірілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG