Accessibility links

Ирақ жауынгері 2 АҚШ сарбазын өлтірді


АҚШ әскерилерінің айтуынша, Мосул қаласындағы базада Ирақ жауынгері екі американдық сарбазды атып өлтіріп, алтауын жаралаған. Сосын АҚШ сарбаздары әлгі ирақтықтың өзін атып өлтірген екен. Ирақтың солтүстігіндегі АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал-майор Марк Хертлинг Ирақ азаматының жасаған бұл шабуылын “алдын ала ойластырылған” деп атады. Associated Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Хертлинг атыс Ирақ сарбазы мен американдықтар дауласып қалған соң басталған деген Ирақ хабарларын жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG