Accessibility links

Францияда Иран мәселесі талқыланбақ


Әлемнің алпауыт елдерінің жоғары лауазымды дипломаттары бүгін Франция астанасы Парижде кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін талқылайды. АҚШ, Британия, Қытай, Франция, Ресей және Германия елдерінің ресмилері Иранның уран байытуын тоқтатқысы келеді. Теһран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенетін АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Иранға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тағы бірқатар санкцияларын енгізуге шақырды. Бірақ Ресей мен Қытай мұны әлі қолдаған жоқ. Ал Иран ресмилері ядролық бағдарламамыз тек бейбіт мақсатты көздейді дейді.
XS
SM
MD
LG