Accessibility links

НАТО ресмилері Украинамен кеңесулер өткізуде


НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері бүгін Эстония астанасы Таллинде бас қосып, Украинамен жоғары дәрежелі бейресми кеңесулер өткізуде. Украинаның болашақта НАТО-ға мүше болу мүмкіндігіне көмектесуге бағытталған бұл жиын 2002 жылдан бергі алтыншы НАТО-Украина кездесуі болып табылады. Оған НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер, Украина қорғаныс министрі Юрий Ехануров, АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс және тағы басқа жетекшілер қатысуда. Де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, бұл кездесу ынтымақтастықты жақсарту үшін “тамаша мүмкіндік” туғызады.

АҚШ қорғаныс министрі сәрсенбі күні Таллинде сөйлеген сөзінде бұрынғы Совет одағы республикаларының Батыспен жақынырақ қарым-қатынас жасағысы келетіндігінен Ресей қауіптенбеуі тиіс деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG