Accessibility links

Ресей журналисіне қатысты сот үкімі өзгермеді


Ресейдегі журналист Айгүл Махмутоваға қатысты сот үкімі сол күйінде қалды. Мәскеу соты 5,5 жылға бас бостандығынан айырылған 24 жастағы журналисттің апелляциялық шағымын жоққа шығарды. Махмутова “Судьба Кузьминок” деп аталатын газетте жұмыс істеген. 2006 жылы ол балалар ойнайтын жердің орнына жергілікті кәсіпкерлер гараж салмақшы деп мақала жазып, Кузьминки ауданының басшысын жемқорлықта айыптаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG