Accessibility links

Ресейде банкирдің өліміне қатыстылар жазаланды


Ресей қаржыгері Алексей Френкель банкирді өлтіруге тапсырыс бергені үшін 19 жылға түрмеге жабылды. Ақшаны жымқыру мен жемқорлыққа қарсы науқан бастаған Орталық банк басшысының орынбасары Андрей Козлов 2006 жылдың қыркүйек айында Мәскеуде оққа ұшқан болатын. Прокурорлардың айтуынша, Козлов Френкель банкінің лицензиясын жойған. Сөйтіп Френкель кек алу үшін Козловты өлтіруге тапсырыс берген, дейді олар. Козловтың өліміне қатысты тағы басқа 6 адам әртүрлі түрме жазаларына кесілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG