Accessibility links

Жамбылда ВИЧ жұқтырғандар көбеюде


Жамбыл облысында ВИЧ дертін жұқтырғандар саны көбеюде, қазіргі уақытта облыс көлемінде СПИД айлығы жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі Зайда Арынбаева.

«СПИД орталығында қазіргі уақытта 15 пен 29 жас аралығында 300 адам есепте тұр, оның 70 пайызы ер адам, 30 пайызы әйелдер. Сондай-ақ СПИД дертіне шалдыққан 12 жүкті әйел анықталды, бірақ бұл ресми статистика, негізінде дертке шалдыққандар саны бұдан да көп және жыл сайын артып келеді. СПИД айлығы аясында көптеген іс-шаралар өткізу арқылы жеткіншек жастардың назарын осы мәселеге аударуды мақсат тұтып отырмыз», — деді баспасөз орталығының жетекшісі.


AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG