Accessibility links

Шахмат олимпиадасында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті


Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында Қазақстанның ерлер құрамасы бірінші жеңіске жетті, деп хабарлады Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ресми сайты. Қазақстандықтар Палестина құрамасын 3,5:0,5 санымен жеңді.

Қазақстан құрамасында Майкл Юнис Кристианды жеңген Павел Коцур, Мойсса Алаа-Эддайннан басым түскен Әнуар Есмағамбетов, пен Исан Явадты жеңген Нұрлан Ыбыраев көзге түсті. Нұртас Қажығалиев пен Евгений Ерменков өз партияларында тең түсті. Енді қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасымен сайысқа түседі. Ал Қазақстанның қыздар құрамасы сайыстың бірінші күні Венгрия құрамасынан 0,5: 3,5 есебімен жеңіліп қалды.

XS
SM
MD
LG