Accessibility links

Әлем жетекшілері қаржы жүйесін тұрақтандыруды қолға алмақшы


Әлемдегі экономикасы дамыған 20 елдің жетекшілері дағдарыстан шығу жолын талқылаған Вашингтондағы екі күндік саммитін аяқтады. Онда ғаламдық рецессияға жол бермей, қаржылық болашақ дүрбелеңдерге қарсы тұру қажеттігі айтылды. Әлем экономикасының 85 процентін ұстап отырған 20 елдің жетекшілері бес беттен тұратын ресми құжат пен алты бөлімнен тұратын шұғыл әрекет жоспарын құрып, ол қаржы жүйесін тұрақтандыру мен ашықтықты қолдайды деген сөз берді. Бұл елдер өздерінің қаржы министрлеріне “20-лық тобының” келесі саммиті өтетін наурыздың 31-не дейін нақты ұсыныстар дайындауға тапсырма берді.

XS
SM
MD
LG