Accessibility links

Ирақ үкіметі АҚШ-пен қауіпсіздік келісімін мақұлады


Жексенбі күні Ирақ үкіметі АҚШ күштерін елде тағы үш жылға қалдыруға жол беретін Вашингтонмен қауіпсіздік келісімін мақұлдады. Үкімет өкілі Али әл Даббағтың айтуынша, дауыс беруге премьер министрден бастап барлық 27 министр қатысқан. Бұл даулы мәселе Ирақ парламентіне ақырғы дауыс беруге жөнелтіледі. Мұндай қадамдар екі тараптың қауіпсіздік жағдайымен Ирақтың ұлттық егемендік жөніндегі талаптарын тепе-теңдікте ұстау үшін маңызды болып табылады. БҰҰ-ның мандатымен халықаралық күштердің Ирақта қалу мерзімі осы жылдың соңында бітеді.
XS
SM
MD
LG