Accessibility links

Ақтөбеде қостанайлық жүргізушіге шабуыл жасалды


Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қобда ауданында алыс жолға қатынайтын КАМАЗ көлігінің иесі мен жүргізушісіне шабуыл жасалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, олар Қостанайдан Оралға «Вимпекс» арақ зауытының өнімдерін апарып, қайтар жолда жарылып қалған дөңгелекті жөндеу үшін Қобдаға тоқтаған. Сол жерде белгісіз үшеу оларды соққыға жығып, DVD-плеер, 10 литр «Лукойл» жанармайы, азық-түлік, сондай-ақ 100 мың теңге ақшаларын алып кеткен.

Іздестіру нәтижесінде күдікті деп танылған Қобданың 18 жастағы үш тұрғыны ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 178-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG