Accessibility links

Қазақстанның мәдениет қайраткерлері бас қоспақ


Ертең Алматыда Қазақстанның шығармашылық одақтары конфедерациясының ұйымдастыруымен «Жаңа заман талаптары жағдайындағы Қазақстан мәдениеті» атты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы форумы өтеді.

«Өнер майталмандары қазіргі әлемде не болып жатқаны жайлы пікір алмасу үшін бас қосуды шешті. Ресей-грузин соғысы бізді немқұрайды қалдырмайды, өйткені бұл оқиғалардың жалғасуы мүмкін. Біздің мемлекетіміз төңірегінде қандай үрдістер болып жатыр, геосаяси ойын қалай жүргізілуде» — деп форумды ұйымдастыру комитетінің мүшесі Мұрат Әуезов тілге тиек болар тақырыптарды атап өтті.

Форумда республиканың ішкі проблемалары мен мемлекеттің қазіргі қызметі режимінде адам құқықтарының, жоғары рухани құндылықтар болмысының сақталуына қаншалықты кепілдік бере алатыны да талқыланады. Талқылау қорытындылары бойынша мәдениет қайраткерлері қарар қабылдап, оны жұртшылық пен билік назарына ұсынбақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG