Accessibility links

Обама ұлттық қауіпсіздікті жақсартуға уәде етті


Жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обама қаңтар айында ресми міндетіне кіріскенде экономика мен ұлттық қауіпсіздік өзінің басты мақсаттары болатынын мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ телеарнасына берген сұхбатында айтты. Барак Обама тығырыққа тірелген авто көлік өнеркәсібіне көмектесуге уәде етті. Ол сондай-ақ Ирақтағы АҚШ әскерилерінің санын азайтып, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыратынын және Әл-Қаиданы жоятынын айтты. Сонымен қатар Обама Гуантанамо абақтысын жабуға ниеттеніп отырғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG