Accessibility links

Тибеттіктер Қытай саясатын талқылауда


Қуғындағы Тибет басшылары Үндістанның солтүстігінде кездесіп, Қытайға қатысты болашақ саясатын талқылауда. Тибеттің рухани көсемі Далай Лама аймақтың кеңірек автономияға қол жеткізу әрекеттері сәтсіздікке ұшырады деп, осы жиынды ұйымдастыруға шақырған болатын. Ресмилердің айтуынша, бұл кездесуде шығарылатын кез келген шешім тәуелсіз болсын деп Далай Ламаның өзі оған қатыспайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG