Accessibility links

Пәкістандағы Хайбер асуы қайта ашылды


Пәкістан Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштері үшін маңызды тасымал жолын қайта ашты. Ресмилердің айтуынша, Пәкістан қауіпсіздік күштері Хайбер асуы арқылы бүгін 30 жүк машинасын өткізген. Соңғы айларда Пәкістанның солтүстік-батысындағы тайпалы аймақтарда үкімет күштері исламшыл бүлікшілермен соғысып, Хайбердегі қауіпсіздік жағдайы нашарлап кетті. Өткен аптада бүлікшілер 13 жүк машинасы мен 2 әскери көлікке шабуыл жасаған соң, Хайбер асуы жабылған болатын.
XS
SM
MD
LG