Accessibility links

Халықаралық трибуналдың прокуроры Сербияда жүр


БҰҰ-ның соғыс қылмыстары жөніндегі бас прокуроры Серж Браммерц бүгін Белградқа барды. Ол босниялық сербтердің бұрынғы әскери қолбасшысы Ратко Младичті табуға бағытталған Сербияның талпыныстарымен танысты. БҰҰ-на тапсырылатын Сербияның халықаралық трибуналмен ынтымақтастығы жөніндегі Браммерцтың баяндамасы Еуропа Одағы мен Белград қарым-қатынасына әсер етпек. Егер бұл баяндама оң болса, Сербияның одаққа мүше болу жолындағы әрекеттерде алғабасушылық болмақ. Ратко Младичке Босния соғысы барысында геноцид жасады деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG