Accessibility links

БҰҰ кей азық-түлікті Ауғанстанға жеткізе алмаған


Осы жылғы шабуылдар барысында ауғандықтарға арналған 840 мың доллар көлеміндегі азық-түлік жоғалып кеткен. Бұл туралы БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасының өкілдері хабарлады. Қаңтардан бастап қарашаның ортасына дейін Ауғанстанда халықаралық азық-түлік бағдарламасы көліктеріне 25 рет шабуыл жасалып, шамамен 870 тонна азық-түлік жоғалып кеткен. Сонымен қатар Пәкістанның солтүстік-батысындағы шабуылдардың нәтижесінде 610 тонна азық-түлік Ауғанстанға жете алмаған. Аталмыш бағдарлама өкілдерінің айтуынша, қыстың алдында Ауғанстандағы 9 миллион халық азық-түлікпен қамтамасыз етілуі керек бірақ осы уақытқа дейін тек 950 мың адамға ғана көмек көрсетілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG