Accessibility links

Астанаға Румынияның Сыртқы істер министрі келеді


Бүгін Астанаға Румынияның Сыртқы істер министрі Лазэр Комэнеску жұмыс сапарымен келеді, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

ҚР СІМ-нің ресми өкілінің айтуынша, «Екікүндік жұмыс сапары барысында ол Қазақстан басшылығымен кездесулер өткізеді. Кездесуде екіжақты өзара қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде 2009 жылы Румыния президенті Троян Басескудің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру жайы талқыланатын болады. Сондай-ақ осы сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады».



AzattyqTV

XS
SM
MD
LG